06.04.2015, 19:18 3990

Кандидат Н.Назарбаевтыӊ РҚШ мүшелері Алматы облысыныӊ жұртшылығымен кездесті

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанныӊ "Ауыл" социал-демократиялық партиясыныӊ төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, белгілі қоғам қайраткерлері және басқалары бар.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.И.Назарбаевтыӊ Республикалық қоғамдық штабыныӊ мүшелері Алматы облысында болды. Бұл жерде олар студенттік жастармен, "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА-ныӊ (арнайы экономикалық аймақ) қызметкерлерімен жүздесті, сондай-ақ, Ұлт Лидерініӊ мыӊдаған жақтастарыныӊ Форумына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанныӊ "Ауыл" социал-демократиялық партиясыныӊ төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, белгілі қоғам қайраткерлері және басқалары бар.

"Жастар" спорт сарайында Талдықорған қаласыныӊ 6 мыӊнан астам тұрғындары, соғыс және еӊбек ардагерлері, Жетісудіӊ танымал және құрметті азаматтары, қоғам және мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердіӊ, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарыныӊ өкілдері, студенттік жастар мен спортшылар жиналып Ұлт Лидері Н.И.Назарбаевқа өз қолдауларын білдірді.

"Біз, қазақстандықтар, шын мәнісіндегі бақытты халықпыз! Көптеген елдер екі халықтыӊ арасындағы бейбітшілікті сақтай алмай отырғанда, Қазақстанныӊ тамаша жерінде 100-ден астам ұлт бейбіт пен келісімде өмір сүруде. Егер біз оны сақтап қалғымыз және арттыра түскіміз келсе, мен баршаӊызды Елбасымызға дауыс беруге шақырамын. Күш - бірлікте!", -деген үндеу тастады сөйлеген сөзінде ҚХА мүшесі, Алматы облысыныӊ құрметті азаматы Светлана Гаитова.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелерініӊ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетініӊ студенттерімен кездесуі барысында облыс жастарыныӊ біртұтас майдан болып, Елбасы есімімен байланысты жарқын болашақ үшін дауыс беруге дайын екендігі атап өтілді.

"Жастар барлық уақытта да өз халқыныӊ үкіліген үміті болған. Бүгінгі студенттер - ол ертеӊгі күндегі инженерлер, ұстаздар, дәрігерлер. Бүгін Президент бізге зор қамқорлық көрсетуде. Ертеӊгі күні біз жауапты қадам жасап - Отан туралы қамқорлықты өз мойнымызға алуға тиіспіз! Бұл Ұлтымыздыӊ Лидері үлгі көрсетіп, ойдағыдай жүзеге асырып жүрген абыройлы міндет. Біз Президентпен біргеміз, біз Президентті қолдаймыз!",- деді жетісулік жастардыӊ атынан сөз сөйлеген, И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетініӊ жас ғалымы Дамир Дигай.

Сондай-ақ, РҚШ мүшелері Панфилов ауданында орналасқан "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА-ныӊ жұмыскерлерімен жүздесті. "Казстройкомпания" Бас директоры Иділжан Тұрсынжанов "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" Жолдауында елдіӊ инфрақұрылымдық дамуы мен экономикасын көтеруге ерекше көӊіл бөлінгеніне" тоқталды.

"Нұрлы жол" шеӊберінде бірінші "құрлық порты" кешені мен "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құрылысы аяқталып, жаӊа шетелдік инвестиялар тартылып, экономикамыз нығайа түседі. Біздіӊ ұжымныӊ бірауыздан Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ кандидатурасын қолдап дауыс беретініне сенімдімін", - деп атап өтті ол.

Түстен кейін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Талғар ауданы ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. "Баденко Ю.А" шаруашылығы қожалығыныӊ басшысы Юрий Баденко өз шаруашылығыныӊ "Агробизнес -2020" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқанын әӊгімелеп берді.

"Біз көмек қаржысы түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын сезінудеміз, бұл бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерімізге барлық жағдайдыӊ жасалып жатқанын көрсетеді. Осыныӊ бәрі де біздіӊ Президентіміздіӊ еӊбегініӊ арқасы", - деп атап өтті Ю.Баденко.

Алматы облысыныӊ тұрғындары, Мемлекет басшысыныӊ жерлестері бірауыздан Елбасыны қолдауға ниет білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны