17.11.2015, 16:32 4052

Қаныбек Жұмаш "Нұр Отан" партиясыныӊ хатшысы қызметіне тағайындалды

Қаныбек Жұмаш "Нұр Отан" партиясыныӊ жаӊа хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияныӊ баспасөз қызметі хабарлады

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Қаныбек Жұмаш "Нұр Отан" партиясыныӊ жаӊа хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияныӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Нұр Отан" партиясыныӊ хатшысы қызметінде Қаныбек Жұмаш мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстарын, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция және барлық деӊгейдегі мәслихат фракцияларымен мемлекеттік бағдарламалардыӊ, оныӊ ішінде "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ орындалуын, салалық және аймақтық бағдарламалардыӊ орындалуын, бюджеттік қаражаттыӊ тиімді пайдалануын, ұйымдастыру-бақылау жұмыстарын қадағалайтын болады", - делінген "Нұр Отан" партиясыныӊ сайтында орналастырылған хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қаныбек Жұмаш әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (химик-оқытушы), Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (экономика және құқық) бітірген.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ орынбасары қызметінде, "Нұр Отан" партиясыныӊ Маӊғыстау облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты басшысыныӊ орынбасары болып бірқатар жылдар бойы жұмыс істеген.

2015 жылдыӊ тамыз айынан бастап "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасарыныӊ кеӊесшісі.

2013 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны