Система Orphus

Қапшағай қалалық соты түрмедегі сотталушыны азаптады деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі қарауда

18.01.2011, 18:01 1618

Алматы. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысы Қапшағай қалалық сотында ЛА-155/8 мекеме офицерлерінің сотталған Жандос Сағатовты азаптауға қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Қоғам және прокуратураның күш-жігерінің арқасында Қазақстан сот өнідірісінің тарихында тұңғыш рет түзету колонияларында адам азаптау фактілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр", - деп зардап шегушінің адвокаты Гаухар Сәлімбаева мәлім етті.

Ол іс бойынша айыпталушылар ретінде қатаң тәртіптегі мекеме әкімшілігінің 5 қызметкері мен сотталғандардың колониядағы құқықтық тәртіп кеңесі (ҚТК) мүшелерінің 4-еуі қатысып отыр.

Тергеу материалдары бойынша, колонияға этаппен жеткізілген, есірткі сатқаны үшін 14 жылға сотталған, 27 жасар ҚР қарулы күштерінің бұрынғы офицерін әкімшілік қызметкерлері мен ҚТК мүшелері 2010-шы жылы 20-шы наурызда карантин бөлімінде соққыға жыққан.

Ауыр дене жарақаттарын алған фактіні мекеме медициналық бөлімшесіне жатқызылған Ж. Сағатовқа барған, Алматы мен Алматы облысының пенитециарлық мекемелеріндегі адам құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізетін қоғамдық бақылау комиссиясының құқық қорғаушылары анықтаған.

"Ж. Сағатовқа азаптау қолданғалы 5 күрделі операция жасалған. Оның денсаулығы өте ауыр болып қалып отыр. 2010-шы жылғы наурыздан ол Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігерлер бақылауында жатыр", - дейді құқық қорғаушылар.

31-ші наурызда құқық қорғаушылар шағымынан соң күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 308-ші бабының "б" пунктінің 4-ші бөлімі бойынша (қызмет бабын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

"ЛА-155/8 мекемесінің режимдік-оперативтік жұмыс жөніндегі бастық орынбасары Қанат Сыздықов ұсталды. Сот оны қамауға алды. Бірақ ол қамауға алынғалы бері 9 ай бойына тергеу абақтысыда емес, азаматтық ауруханаларда емделіп жатыр", - дейді құқық қорғаушылар.

Зардап шегушінің адвокаты айтқандай, алдын ала тергеудің ашықтығы мен толықтығы және жан-жақты объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сотталғандардың конституциялық құқығын қорғау мақсатында аталған қылмыстық істі тергеуді ҚР бас прокуратурасы Алматы облысы бойынша арнайы прокурордың басшылығындағы тергеу тобына тапсырды.

16-шы шілдеде айыпталушылардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 347-1 бабының 3-ші тармағына алмастырылып, азаптағаны үшін жауапкершілік қарастырылатын болды.

14-ші желтоқсанда Алматы облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы прокурордың қарсылығымен Қапшағай қалалық сотының осы істі қайта тексеруге жіберу туралы қаулысын алып тастады.

Сондықтан іс қайтадан Қапшағай аудандық сотына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны