07.09.2009, 18:02 3130

Қапшағайда ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер қолға түсті

Қапшағайда ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер қолға түсті

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қапшағайда ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы 22 тамызда таңғы сағат 4-те Қапшағай қаласында екі "Калашников" автоматымен және "Оса" зақымдау тапаншасымен қаруланған бетперде киген белгісіз үш адам "Фламинго" ойынханасына баса көктеп кіріп келген. Олар күзетшілерді қарумен қорқытып, еденге жатқызады да ойынхананың қабырғалары мен төбесіне бірнеше рет оқ жаудырады. Қылмыскерлердің бірі өзімен бірге ала келген балғамен кассаның әйнегін сындырып, 30 миллионнан астам теңгені алып кетеді, содай кейін есік алдында күтіп тұрған автомашинамен белгісіз бағытта жасырынады.

Оқиға болған жерден "Оса" тапаншасының 3 оғы, "Калашников" автоматының 6 оғы мен 24 гильзасы табылды.

Осы күні таңғы 7-де Қарасай АІІБ-ге жергілікті тұрғын кеше кешкі мезгілде жолаушы ретінде келе жатқан екі азамат оны зақымдаушы тапаншамен жарақаттап, "Мазда" автомашинасын тартып алғаны туралы арызданады. Қарақшылар жәбірленушінің қол-аяғын скотчпен байлап және көзін орап, белгісіз жаққа алып шығып, ағашқа байлап, тастап кетеді.

Жасалған қылмыстардың мән-жайын талдау екі қылмысты да бір қылмыстық топ жасағанын көрсетті.

"Фламинго" ойынханасына жасалған қарақшылық шабуылды ашу үшін Ішкі істер министрінің нұсқауымен Қапшағай қаласына Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Құсетовтың басшылығымен аса қауіпті қылмыстарды ашу жөніндегі арнайы бөліністің қызметкерлері жіберілді.

Бесінші тәулікте криминалдық полиция қызметкерлері мен "Сұңқар" арнайы жасағы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қапшағай қаласында үш күдіктіні ұстап, олар "Фламинго" ойынханасына тиянақты жоспарланған қарулы қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады.

Келесі күні Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында төртінші күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың атыс қаруын қолданумен жасалған басқа да аса ауыр қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны