24.07.2008, 16:21 3043

Қапшағайдың болашағы зор - ҚР президенті

Қапшағайдың болашағы зор - ҚР президенті

Қапшағай. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қапшағай қаласының болашағы зор. Алматы облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен Қапшағай қаласының болашағы зор деп есептеймін. Сол үшін мен осында келдім. Біз Қапшағай су қоймасының оң жағалауында зор кешенді салу үшін үнемі инвесторларды іздестірудеміз", - деді Н. Назарбаев.

"Соңғы уақыттарда Лас-Вегас қаласының құрылысына атсалысқан Американың ірі компанияларының бірі Қапшағайдағы құрылысқа үлкен қызығушылық танытып отыр. Мен ойымыз іске асады деген ойдамын. Біз болашақта үлкен ойын-сауық кешеніне ие боламыз", - деді президент.

"Біз жоба бойынша осында қонақ үй ашатын инвесторларға қонақ үйдің астыңғы қабаттарында ойынхана ашуға рұқсат етуіміз мүмкін", - деп атап өтті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны