22.12.2006, 17:41 3283

Қапшағайдың жағалауында құны 10 млрд. долларды құрайтын болашақтың қаласы салынады - президент

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қапшағайдың жағалауында құны 10 млрд. долларды құрайтын, жаңа халықаралық әуежайы мен әлеуметтік нысандар желісі бар болашақтың қаласы салынады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Гонконг қаласында "Shun Tak Holdings Limited" компаниясының төрағасы Стэнли Хо мырзамен кездесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз жаңа ғана Қапшағайдың оң жақ жағалауында құны 10 млрд. долларды құрайтын болашақ қаланы тұрғызу жобасын қарадық. Бұл қарапайым ғана ойын-сауық орталығы болмайды. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын керемет қала болады",- деді президент брифингте. "Бұл жерде демалыс пен өмірге қажетті жағдайлар толық жасалады. Жаңа халықаралық әуежай, спорт кешендері мен мектептер салынады",- деді Н.Назарбаев.

"Біздің байқауымызша, Гонконг пен Макаолық кәсіпкерлер осы жобаға инвестиция салуға бел шешкенге ұқсайды",- деді президент.

Өз тарапынан Стенли Хо Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның Қапшағай көлінің жағалауында туризмді дамыту жоспарларының іске асырылу барысын қызыға қадағалап отырғанын жеткізді. "Біз Қазақстан қол жеткізген табыстарға және елдің әлеуетіне тәнті болып отырмыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны