10.03.2010, 17:05 3115

Қарағанды қаласында бір мемлекеттік органның компьютерлік желісіне заңсыз кіру оқиғасы анықталды

Қарағанды қаласында бір мемлекеттік органның компьютерлік желісіне заңсыз кіру оқиғасы анықталды

Астана. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында бір мемлекеттік органның компьютерлік желісіне заңсыз кіру оқиғасы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды қаласында мемлекеттік органдардың бірінің компьютерлік желісіне заңсыз кіру фактісі анықталды. Күдікті азаматша "Жылжымайтын мүлік" деректер базасына рұқсат алып, пәтерге салынған "Тәркілеу" атты есеп жазбасын жойып, пәтерді сатып жіберген",- деді Қ.Жұманов.

Оның хабарлауынша, "4 наурызда криминалдық, әкімшілік және жол полициясы бөліністері өткізген, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Контрафакт" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Операция барысында ақпараттық технологиялар саласындағы 414 қылмыс анықталды. Еркін айналымда тыйым салынған 50 мыңға жуық өнім алынды".

"Контрафактіні, порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын өнімдерді тарату, компьютер желілеріне заңсыз кіру, Интернетті бөтеннің есебінен пайдалану, жалған ақша мен құжаттар жасау және алаяқтықпен айналысу бойынша 45 қылмыстық іс қозғалды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны