26.10.2009, 16:40 2910

Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны 1 килограмм 700 грамм героин сатқаны үшін ұсталды

Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны 1 килограмм 700 грамм героин сатқаны үшін ұсталды

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында Елордаға және одан кейін еліміздің солтүстік өңірлеріне есірткіні жеткізу арналарын жабу бойынша арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны 1 килограмм 700 грамм героин сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІМ ақпаратына сәйкес, "жеке тексеру кезінде одан тағы да 182 грамм героин табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмм 933 грамм героинді құрады. Есірткіні сатып алу көздерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде".

Қуанышбек Жұмановтың хабарлағанындай, елімізде бір аптада 157 есірткі қылмысы, оның ішінде 59 есірткі сату фактісі анықталды. 500 кг астам есірткі, оның ішінде 2 кг жуық героин және 735 гр гашиш тәркіленді.

"Марихуананы дайындау және тасымалдау жолдарын анықтау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда "Көкнәр" операциясының шеңберінде заңсыз айналымнан 21 тонна каннабис тобындағы есірткілік заттар алынды.

Сонымен қатар 22 қазанда "Дельта-Долина" арнайы бөлімшесі Талдыөзен станциясының аумағында Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, одан 515 кг марихуана табылды. Бұл операция маусым айынан бастап қазан айының аралығында өтуде, 2008 жылы 20 тонна марихуана тәркіленді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны