07.12.2009, 14:58 2747

Қарағанды қаласының екі тұрғыны 580 мың теңгеге жанармай талондарын қолдан жасағаны үшін ұсталды

Қарағанды қаласының екі тұрғыны 580 мың теңгеге жанармай талондарын қолдан жасағаны үшін ұсталды

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады, олар жалпы сомасы 580 мың теңгеге Қарағанды компанияларының бір филиалының жанармайы талондарын қолдан жасаған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұсталғандарды тексерген кезде олардан бір мыңнан астам жалған талон табылды. Алынған талондардың жалпы саны 2,5 мың дана, яғни бұл 25 тонна жанармайды құрайды",- деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Қарағанды облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Қазақмыс" корпорациясы "Нұрқазған" руднигінің аумағында ұрлық жасау кезінде 16 тонна дизель отыны құйылған автоцистернаны ұстады, келтірілген залал 1 млн 180 мың теңгені құрады. Қылмыс жасағаны үшін рудник бастығының орынбасары және аталған ұйымның жұмысшысы ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны