03.03.2011, 17:20 4119

Қарағанды қаласының тұрғынына УТИ заңсыз қамалғаны үшін 2 млн теңге моральдық шығын төленді

Қарағанды қаласының тұрғынына УТИ заңсыз қамалғаны үшін 2 млн теңге моральдық шығын төленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласының тұрғынына УТИ заңсыз қамалғаны үшін 2 млн теңге моральдық шығын төленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, жазықсыз Қарағанды тұрғыны есірткі мен қару сақтау айыбымен тергеу изоляторында бір жыл төрт ай отырып шықты. Сотта героин мен оқ-дәріні оған белгісіз тұлғалар салып жібергені анықталған.

"2008 жылдың 10 наурызында ҰҚКБ полицейлері 33 жастағы Марат Омаровпен оның төрт құрбысы отырған "мерседес" машинасын тоқтатады. Шұғыл әрекет ету қызметкерлері бәріне сыртқа шығуға бұйрық беріп, балаларға тінту жүргізеді. Марат Омаровтың джинсысының қалтасында кішігірім пакеттегі 3 грамм герион мен пистолтеттің 8 оқ-дәрісін табылады. Полиция түсірген бейнежазбадан көрінгендей, Омаров машинадан шықанда қалтасынан ештеңе байқалмаған. Ал полиция өкілі камераны бірнеше секундқа шетке бұрып, кейін М.Омаровты қайтадан түсіре бастағанда оның қалтасы қампиып тұрды. Сол кезде ҰҚКБ қызметкерлері героин мен оқ-дәрі тапқан болатын... Марат Омаровқа есірткі мен қару сақтау жөнінде айып тағып, полицейлер істі сотқа жіберген болатын", - делінген газетте.

"Литер" газетінің хабарлауынша, прокуратура сотта айыптан бас тартып, Марат Омаровқа қатысты істі толығымен тоқтатты. Жуырда ақталған азамат ІІМ-нен сотта моральдік зардап үшін 2 миллион теңге өндірді. Қарағанды тұрғыны тергеу изоляторында бір жарым жыл болған кезде, Марат Омаров пен оның жақтаушысы прокуратура мен сотқа ҰҚКБ қызметкерлері есіртке мен оқ-дәріні қасақана салып жібергенін дәлелдеуге тырысқан болатын.

Газеттің ақпаратына сәйкес, прокуратура полицелерге қатысты "Құжаттарды бұрмалау туралы" Қылмыстық кодексінің 348 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Соған қоса, Омаровты ұстауға қатысқан полицелер тәрітіптік жазаға тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны