21.07.2014, 20:44 3214

Қарағанды облысы әкімі қысқа дайындық жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Шахтинск қаласының жалғыз орталық жылумен қамту көзі болып табылатын "Шахтинскжылуэнерго" ЖШС жөндеу жұмыстары барысымен танысты.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Шахтинск қаласына барған жұмыс сапарында қаланың қысқы дайындық жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Облыс әкімі Шахтинск қаласының жалғыз орталық жылумен қамту көзі болып табылатын "Шахтинскжылуэнерго" ЖШС жөндеу жұмыстары барысымен танысты.

ЖШС-да 3 қазандық пен 2 турбогенераторы бар. Орнатылған электр және жылу қуаттылығы сағатына 12 МВт және 113,5 Гкалды құрайды. Орталық жылумен қамтуға 250 көпқабатты үй мен 25 әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысан қосылған.

Аталмыш энергетикалық кәсіпкерлік жетекшілігінің хабарлауынша, қазандықтардағы жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Өздеріңізге де белгілі, Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің шахтасының жартысы орналасқан. Өңірде өндірілетін көмірдің айтарлықтай бөлігі осы жерег тиесілі. Сол себепті де көмір пласттарының метанын барлау, өндіру мен өндірістік игеру жобаларының іске асырылуы тегін емес. Аталмыш жобаның бірінші қадамы ретінде Ленин атындағы шахтадағы газсыздандырудан метан қолдану арқылы электр энергиясын дайындау бойынша қанатқақты құрылғы болды. Қазіргі таңда құрылғы тұрақты жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі құрылғыны көріп жаңа жанармай-энергетикалық саланы құруға мүмкіндік беретін метанды өндірістік қолдану жобасының маңыздылығын түсіндірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны