14.06.2010, 16:06 3015

Қарағанды облысы құс фабрикасындағы тауықтардың қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Агрофирма "Құрма"" ЖШС құс фабрикасындағы тауықтардың қырылуына қатысты ҚР ҚК 188 бабы (Байқаусызда өзгенің мүлкін жою және оған залал тигізу) қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы құс фабрикасындағы тауықтардың жаппай қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Агрофирма "Құрма"" ЖШС құс фабрикасындағы тауықтардың қырылуына қатысты ҚР ҚК 188 бабы (Байқаусызда өзгенің мүлкін жою және оған залал тигізу) қылмыстық іс қозғалды.

Бұрын хабарланғандай, маусымның 10-ы күні электр қуатының тоқтап қалуынан "Агрофирма "Құрма"" ЖШС құс фабрикасында 100 мыңға тарта тауық қырылып қалған, бұл - барлық тауықтың төрттен бірі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны