21.02.2008, 17:36 3033

Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынсабары ҚР бас әскери прокурорының орынбасарлық қызметіне тағайындалды

Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынсабары ҚР бас әскери прокурорының орынбасарлық қызметіне тағайындалды

Қарағанды. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған Құсайын Игембаев ҚР бас әскери прокурорының орынбасарлық қызметіне тағайындалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысы прокурорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Оның орнына облыс прокурорының бірінші орынбасарлық қызметіне, бұған дейін ҚР бас әскери прокурорының орынбасары болған Талғат Таңатаров тағайындалды ", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар баспасөз қызметі хабарлағанындай, осы уақытқа дейін Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған Ыбрайым Иманов облыс прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Ал Жаңаарқа аудандық прокуроры қызметіне облыс прокурорының көмекшісі болған Изімхан Қосанов келді.

" ҚР Бас прокуратурасының бұйрығымен облыс прокуратура органдарында басшылардың орын ауыстырулары мен тағайындаулары құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды нығайту мақсатында және прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны