18.07.2008, 11:10 1357

Қарағанды облысында 2008 жылдың І жартыжылдығында кеденшілер 21 қылмыстық іс қозғады

Қарағанды облысында 2008 жылдың І жартыжылдығында кеденшілер 21 қылмыстық іс қозғады

Қарағанды. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Кедендік бақылау департаменті 2008 жылдың І жартыжылдығында 21 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, қозғалған қылмыстық істердің жалпы көлемінен 7 қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 209- бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша, 3 қылмыстық іс ҚР ҚК 214- бабы (Кедендік төлемдер мен салық төлеуден жалтару) бойынша, 1 қылмыстық іс ҚР ҚК 250-бабы (Айналымнан алынған заттардың контрабандасы) бойынша, 1 қылмыстық іс ҚР ҚК 259-бабы (Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны