30.06.2017, 16:54 10261

Қарағанды облысында 2020-шы жылға дейін күн және желден қуаттанатын 6 станция салу жоспарланып отыр

Қарағанды облысында жаӊартылмалы және балама энергетиканы дамыту стратегиясы бар. 2020-шы жылға дейін күн және жел арқылы жұмыс істейтін алты станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Ол жайында облыс әкімініӊ орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық мәслихат сессиясы барысында мәлімдеді.

Қарағанды. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жаӊартылмалы және балама энергетиканы дамыту стратегиясы бар. 2020-шы жылға дейін күн және жел арқылы жұмыс істейтін алты станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Ол жайында облыс әкімініӊ орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық мәслихат сессиясы барысында мәлімдеді.

Елбасы алға қойған стратегиялық тапсырмалардыӊ бірі жаӊартылмалы және балама энергетиканы дамыту болып табылатынын баяндамашы еске салды. 2020-шы жылға дейін балама қуат көздерін пайдалану үлесі жалпы қуат пайдалану көлемініӊ 3%-ын құрауы тиіс.

- Қарағанды обысында 2020-шы жылға қарай жаӊартылмалы және балама энергетика саласындағы алты жаӊа нысанды іске қосу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді Анатолий Шкарупа.

Жоспар бойынша қуаты 40-тан 100 МВт-қа дейін баратын үш күн электр станциялары Саран қаласында, Ақтоғай және Шет аудандарында салынады. Сонымен қатар қуаты 10 және 60 МВт екі жел электр станциялары Қарқаралы ауданында және Осакаров кентінде де салынбақ. Абай ауданыныӊ Құрма ауылында энергия биогаз құрылғысы арқылы өндірілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны