30.05.2008, 11:11 1339

Қарағанды облысында адамды пайдалану мақсатында оны заңсыз бостандығынан айырды деген айыппен екі жас адам ұсталды

Қарағанды облысында адамды пайдалану мақсатында оны заңсыз бостандығынан айырды деген айыппен екі жас адам ұсталды

Қарағанды. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандының полиция қызметкерлері адамды пайдалану мақсатында оны заңсыз бас бостандығынан айырды деген айыппен екі жас адам ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды қаласының 19 және 20 жастағы екі тұрғыны Қарағандыда тұратын ешқайды жұмыс істемейтін бір ер адамды ұрлап алды.

"36 жастағы ер адам сәуір айынан бастап құлдықта болған. Оны ағаштарды кесу, отын дайындауға мәжбүрлеген. Атқарған жұмысы үшін ақша төлеуді талап еткенде оны соққының астына алып, шынжырмен байлап қойып отырған. 4 мамырда жәбірленуші қашып шығып, полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Бірақ екі күдікті қашып кеткен ер адамды қайта ұстап алып, байлап қойған. Полиция қызметкерлері оны 20 мамырда босатты", - деді полиция қызметкерлері.

"Қарағанды облысының ІІД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады (пайдалану мақсатында заңсыз бостандықтан айыру). Екі күдікті қамауға алынды", -деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны