06.04.2007, 10:47 1707

Қарағанды облысында әлімжеттік әрекеттері үшін төрт әскери жауапқа тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. 6 сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында әлімжеттік әрекет жасағаны үшін төрт әскери жауапқа тартылды,деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сот мәжілісі әскери бөлімшенің өзінде өтті. Қарағанды әскери соты шешім шығарды. Екі айыпкер - Самат Құлымбетов пен Жандос Пергелдиев- бір және екі жылға шартты түрде, Берік Ибдірахманов -үш, ал Асхат Ағыбаев- екі жарым жылға бас бостандығынан айрылды.

Естеріңізге сала кетейік, төрт әскери уставқа қайшы әрекет жасап, бір жауынгерді өзін- өзі өлтіруге дейін апарған. 2006 жылы 1 қарашада 6505 әскери бөлімшесінде қарауыл қызметін атқарып тұрған 19 жасар жауынгер Калашников автоматымен өзін өзі атып өлтіреді. Қылмыстық іс қозғалған болатын.

Тергеу барысында әскери бөлімде әлімжеттік әрекеттер болғаны анықталды. Жаңа түскен жауынгерлерді ұрып-соққан туралы 15 дерек, бір өз-өзіне қол жұмсау деректері тіркелген. Жәбірленушілердің арасында жеті адам мен жапа шеккеннің анасы бар.

Зардап шеккен жауынгерлерге бөлімше басшылары мен қызметтестері қысым көрсетпеуі үшін олар өзге әскери бөлімге ауыстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны