17.06.2014, 20:06 2645

Қарағанды облысында білім беру бағдарламасының жүзеге асуы талқыланды

2011 жылға қарағанда облыс қазынасынан бөлінген қаржы бірнеше есеге артқан. Бүгінгі таңда ол 8,5 млрд теңгені құрап отыр.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Қарағанды облысының әкімдігінде білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асу барысы талқыланды.

2011 жылға қарағанда облыс қазынасынан бөлінген қаржы бірнеше есеге артқан. Бүгінгі таңда ол 8,5 млрд теңгені құрап отыр.

Бүгінде басты назар мектепке дейінгі білім алу жүйесінің сапасын арттыру мен қол жетімді етіп жасалуында.

Статистиканың тілімен сөйлесеск,1-6 жас аралығында тәлім беру 86,6 % -дан 87,2% ға, ал 3-6 жасқа дейінгісі 97,1% дан 98,3% жетіп отыр. Мектепке дейінгі баларды тәрбиелеу нысандары 120- ға дейін жеткен. Оның 91-і мини-орталық, 29-ы бала бақша. Бұл дегеніміз өңіріміздің 11000 балалары мектепке дейінгі біліммен қамтылып отыр деген сөз.

Жеке меншік мектепке дейінгі тәлім беру нысандарының саны 8 бірлікке көбейді. Ал екі жекеменшік мектепге дейін тәлім берунысаны 130 қосымша орын ашып отыр.

Қазіргі таңда Приозерск, Жезқазған, Шет және Осакаров аудандарында мектепке дейінгі тәлім беру нысандарын қайта қалпына келтіру және жаңа нысандар салу жобалары іске асып жатыр. Алдағы уақытта бүлдіршіндерді қабылдау үшін 1280 орын есігін ашпақ.

Облысымызда үш ауысымдық білім алу толыққанды тоқтатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны