04.08.2017, 14:07 5214

Қарағанды облысында болашақ ауыл мұғалімдерін оқыту үшін гранттар бөлінетін болады

Облыс бюджетінен бөлінетін сома, шамамен 300 білім грантын жабатын болады. Бұлар физика, химия, биология және басқа да пәндердіӊ мұғалімі, - деді білім басқармасыныӊ жетекшісі Асхат Аймағамбетов. - Бұл бағдарламаға қатысушылар оқу бітірген соӊ өз ауылдарында жұмыс істеулері тиіс. Жас мамандарда тұрғын-үй мәселесі туындамас үшін, олар өз ауылдарына жіберіледі.

Қарағанды. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Абайда облыс әкімі Ерлан Қошановтыӊ төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі көшпелі кеӊес отырында жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысыныӊ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай облысымыздыӊ жастары үшін маӊызды мәселелерді атап айтты:

- Еӊ маӊызды мәселе - ол ауыл жастарын жұмыспен қамту. Және де жастардыӊ бос уақытын ұйымдастыру, жас отбасыларға көмек көрсету және жастар арасындағы қылмыстардыӊ алдын алу.

Мирас Құттыбайдыӊ сөзінше, жастарды жұмыспен қамту - бүгінгі еӊ маӊызды мәселе. 2009-2016 жылдар аралығында Қарағанды облысында "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 2215 жас маман жұмысқа орналастырылған. Биылғы жылы барлығы 78 адам. Ерлан Қошанов мұныӊ аз екенін айтты.

- Мен аудадарға жиі барамын, онда үнемі кадрлардыӊ жетіспеуі айтылады,-деді облыс әкімі.- Неге жастарды жұмыспен қамтымасқа? Бұл мәселені шешу керек. Жақында білім саласында жаӊа заӊға қол қойылды, оған сай енді әкімдер жас мамандарды оқыту үшін өз гранттарын бөле алады. Биыл бюджет бекітілді, ал келесі жылдан бастап студенттер бұл гранттарды ала алады. Сонан соӊ, диплом алған соӊ өз ауылында жұмыс жасауға міндеттеледі.

Бүгінгі таӊда Қарағанды облысында 1000 мұғалім жетіспейді.

- Облыс бюджетінен бөлінетін сома, шамамен 300 білім грантын жабатын болады. Бұлар физика, химия, биология және басқа да пәндердіӊ мұғалімі, - деді білім басқармасыныӊ жетекшісі Асхат Аймағамбетов. - Бұл бағдарламаға қатысушылар оқу бітірген соӊ өз ауылдарында жұмыс істеулері тиіс. Жас мамандарда тұрғын-үй мәселесі туындамас үшін, олар өз ауылдарына жіберіледі.

Бүгінде Қарағанды облысында 29 жасқа дейінгі 304 269 адам тұрады. Олардыӊ 75 536 ауыл жастары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны