05.01.2009, 17:55 3152

Қарағанды облысында дауажайда демалушылар бұзақының атқан оғының астында қалған - полиция

Қарағанды облысында дауажайда демалушылар бұзақының атқан оғының астында қалған - полиция

Қарағанды. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында дауажайда демалушылар бұзақының атқан оғының астында қалған, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға облыс орталығынан 60 шақырым жердегі "Жартас" дауажайында болған. "Белгісіз еркек дауажайдың ғимаратында аңшы мылтығынан оқ атқан. Соның салдарынан көп жерінен жарақаттанған 25 жастағы жігіт Саран қалалық орталық ауруханасына жатқызылып, 25 жастағы қызға медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті "Лексус LX470" көлігімен ізін жасырған. "Құрықтау" іс-шарасының барысында Ақтас кентінде 44 жастағы ер адам ұсталды. Оның көлігінен ТОЗ-63 маркалы 16-шы калибрлі аңшы мылтығы, 16-шы калибрлі 78 оқ пен 12-ші калибрлі 33 оқ табылды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны