03.02.2010, 12:17 1873

Қарағанды облысында кәмелеттік жасқа жетпегендер шамамен миллион теңгені тонады

Қарағанды облысында кәмелеттік жасқа жетпегендер шамамен миллион теңгені тонады

Қарағанды. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында кәмелеттік жасқа жетпегендер шамамен миллион теңгені тонады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Топар кентінде 16 жастағы екі жасөспірім түнде дәріхана мен зергерлік бұйымдар бөлімі орналасқан ғимаратқа кіріп, ол жерден 237 600 теңге мен жалпы құны 715 700 теңге тұратын зергерлік бұйымдарды тонап кеткен. Сол арқылы бөлімдердің қожайындары аса ірі көлемде, 953 300 теңгенің материалдық шығынына ұшырады, деп хабарлайды полициядағылар.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шараларының барысында кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім ұсталып, олар қылмысты жасағандарын мойындады. Жасөспірімдердің бірінен 511 465 теңгенің зергерлік бұйымдары тәркіленді.

Бір ұсталған уақытша ұстау абақтысына қамалып, екіншісінен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды, деп хабарлайды полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны