26.05.2010, 11:27 1487

Қарағанды облысында кәсіпкер әйелдің отбасына қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағанды облысында кәсіпкер әйелдің отбасына қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағанды. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкер әйелдің отбасына қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бетперде киген алты адам кіреберіс есіктің құлыпталмағанын пайдаланып, 39 жастағы кәсіпкер әйелдің үйіне баса-көктеп кірген. Қылмыскерлер алдымен кәсіпкер әйелдің 20 жастағы қызын аңдып, үйінің алдына келгенде оны ұстап алған, қол-аяғын байлап, автокөліктің жүк салғышына қамап кеткен. Шабуыл жасаушылар 28-ші калибрлі мылтықпен және "Оса" жарақаттағыш тапаншамен қаруланған. Олар үй иесін, оның туысқан сіңлісін, 15 және 9 жасар ұлдарын байлаған. Содан кейін сейфті ашуға мәжбүрлеп, ол жерден 1 млн 780 мың теңге ақша, алтын сырғалар мен қымбат тастары бар жүзікті алған.

Ал осы уақыт ішінде көліктің жүксалғышында қалған қыз қашып шығып, полиция мен ағасына болған жағдайды жеткізген. Қарақшылар үйден терезе арқылы секірген. Күдіктілердің біреуін өтіп бара жатқан патруль ұстап алған. Ұсталған адам кінәсін мойындаған. Қалғандарының кімдер екені анықталып, оларды қолға түсіруге дайындық жүргізіліп жатыр. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалады. Оқиға орнынан полицейлер мылтық, тымақ-бетперделер, қолғаптар, скотч және басқа да айғақзаттар тапқан.

Облыстық ІІД мамандарының айтуынша, шабуыл жасағандар - 23 және 25 жас аралығындағы жас жігіттер. Олардың біреуі - Қарақаралы қаласының тұрғыны, қалғандарының барлығы Қарағандының азаматтары, осыған дейін олардың ешқайсысы қылмыстық іске тартылмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны