30.06.2014, 22:24 6333

Қарағанды облысында "Қазақстанның үздік тауары" атты өңірлік көрме-байқауы өтті

Қарағанды облысында "Қазақстанның үздік тауары" атты өңірлік көрме-байқауы өтіп, оған облыстың 65 кәсіпкерлігі қатысты.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Қарағанды облысында "Қазақстанның үздік тауары" атты өңірлік көрме-байқауы өтіп, оған облыстың 65 кәсіпкерлігі қатысты.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде экономиканы үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Қарағанды облысы атынан Индустрияландыру картасына жалпы құны 500 млрд теңгенің 80 инвестициялық жобасы енгізілген.

"Инвестжобалардың іске асырылуы мемлекеттік орган жұмыстарының басты бағыттарының бірі. Сонымен қатар, аталмыш жұмыстардың нәтижелілігі кәсіпкерліктердің белсенділігіне де тікелей байланысты. Аталмыш байқау үлкен мүмкіндіктердің бір көрсеткіші. Мұны өңір кәсіпкерлері экономиканың дамуы жолында оңтайлы пайдалануларына жол ашық", - дейді облыс әкімі шараның ашылуы барысында.

Байқауға 65 өңір кәсіпкерлігі ат салысты. Үміткерлер үш аталым бойынша сыйлықтарға ие болды. Олар "Өндірістік бағыттағы үздік тауар", "Халыққа арналған үздік тауар" және "Үздік азық-түлік тауары".

Жеңімпаздар арасында "Шұбаркөл көмір" АҚ, "Эксперименталды зауыт №1" ЖШС, "BAYAN" ЖШС мен өзгелер бар. Байқау жеңімпаздары Астанада өтетін "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауына жолдама алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны