29.01.2007, 13:46 3123

Қарағанды облысында ҚІІО қызметкері есірткі сақтағаны үшін құрықталды

АЛМАТЫ. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы департаментінің қызметкерлері Балқаш ҚІІО қызметкерін есірткі сақтағаны үшін құрықтады, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының ҰҚК-нің ақпараттарына сүйенсек, жедел іс-шаралар барысында ұсталған азаматтың тұратын жерінен жалпы салмағы 105,8 грамм есірткі заты табылып, тәркіленген.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған ҰҚКД тергеу изоляторына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны