09.07.2018, 20:05 5065

Қарағанды облысында көмір метанын барлау және өндіру жобасын іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құрылды

Алдыӊғы қатарлы технологиялар мен инвестицияларды тарту, сондай-ақ Қарағанды көмір бассейнінде көмір метанын барлау мен өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде ықтимал қатерлерді барынша азайту мақсатында, Satbayev University және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бірлескен кәсіпорын құру туралы жариялайды.

Қарағанды. 9 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында көмір метанын барлау және өндіру жобасын іске асыру үшін Satbayev University және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Satbayev University & ArcelorMittal Temirtau Gas Production" ("SUAMGas " ЖШС) бірлескен кәсіпорнын құрады.

Алдыӊғы қатарлы технологиялар мен инвестицияларды тарту, сондай-ақ Қарағанды көмір бассейнінде көмір метанын барлау мен өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде ықтимал қатерлерді барынша азайту мақсатында, Satbayev University және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бірлескен кәсіпорын құру туралы жариялайды.

Илемдік өнеркәсіптік компаниясы мен ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетініӊ арасындағы бірлескен бизнес құру тәуелсіз Қазақстан тарихында елеулі оқиға болып табылады.

Көмірлі метан көмір қабаттарынан өндірілген табиғи газдыӊ түрі болып саналады. Соӊғы онжылдықта, ол Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Канадада, Австралияда және басқа да елдердіӊ маӊызды энергия көзіне айналды, оны жылдық өндіру 58-ден астам миллиард текше метрді құрайды.

Халықаралық сарапшылардыӊ болжамдары бойынша, тереӊдігі 1500 метрге дейінгі Қарағанды көмір бассейнініӊ метан ресурстары бірталай болуы мүмкін.

БК негізгі назары "АрселорМиттал Теміртау" АҚ келісімшарттық аумақтардағы көмір қабаттарында метан қорларын геологиялық барлау мен көмір шахталарыныӊ метан өндіру процесіне аударылатын болады.

Бұл газды газ электр станцияларында электрді өндіру үшін пайдалануға болады және/немесе "АрселорМиттал Теміртау" компаниясыныӊ өз мұқтажын қанағаттандыру үшін арналған автокөлікті дизельден газ мотор отынына қайта жабдықтау, бұл шығындарды оӊтайландыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Көмір метанын өндірудіӊ маӊызды ілеспе факторы шахтерлер еӊбегіне өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта алынған мемлекеттік қолдау аясында көмір метанын өндіру бойынша қызметті дамыту үшін салық преференциялары қолданылады, сондай-ақ 2017 жылдыӊ желтоқсан айында қабылданған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаӊа Кодексіне сәйкес көмір метаны пайдалы қазбалар санатына жатқызылған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ Қазақстан Республикасыныӊ "жасыл экономикаға" көшу туралы тапсырмасына сәйкес және Қарағанды облысында көмір метанын барлау мен өндіру бойынша жаӊа энергетикалық секторын дамыту жобасын іске асыру орындалуда.

Сондай-ақ, көмір метанын барлау мен өндіруден басқа, тараптар Қарағанды өӊірінде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды іске асырумен, кәсіби кадрларды даярлаумен, ақпараттық технологиялармен және өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастырумен айналысады.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша бірлескен кәсіпорынныӊ Бас директорыныӊ кандидатурасы, сондай-ақ компанияныӊ Бақылау кеӊесініӊ құрамы бекітілді, оныӊ құрамына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және Satbayev University бірінші басшылары кірді.

АрселорМиттал ТМД Бас директоры Парамжит Калон:"Satbayev University және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ сарапшылары жүргізген геологиялық және техникалық деректер, сондай-ақ жобаныӊ экономикалық параметрлерін талдау нәтижелері бойынша, біз Бірлескен Кәсіпорын құру туралы шешімге келдік. Біз жобаны сәтті іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз және "АрселорМиттал Теміртау" компаниясыныӊ басты мақсаты Қарағанды аймағыныӊ экологиялық жағдайын жақсарту және еӊбекті қауіпсіз ұйымдастыруды іске асырылуын қамтамасыз етеміз. Иріптестеріме және Satbayev University қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін ризашылығымды білдіргім келеді, соныӊ арқасында біз Бірлескен кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдадық,".

Satbayev University ректоры Ескендір Бейсембетов: "2015 жылы мемлекет басшысымен бізге технологияларды коммерцияландыру құқығымен ғылыми-зерттеу холдингі деген ерекше мәртебе берілді. Satbayev University құрамына "Парасат" Ұлттық технологиялық орталығы және 8 ғылыми-зерттеу институты кірді. Нәтижесінде, осы жобаны ғылыми-техникалық сүйемелдеу үшін Satbayev University барлық халықаралық талаптарға сай болуға айналды. Айта кету керек, мақсатты мемлекеттік қолдаусыз оны іске асыру мүмкін емес болар еді. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне, Инвестициялар және даму министрлігіне қажетті заӊнамалық база қалыптастыру ісінде олардыӊ кәсіби еӊбектеріне өз ризашылығымды айтқым келеді. Бүгінгі Бірлескен кәсіпорын құру Қазақстанда көмір метанын өндіруді ұйымдастырудыӊ алғашқы тәжірибелік қадамы болып табылады, осыған байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясыныӊ басшылығына сенім артқаны үшін ризамын және біздіӊ ынтымақтастығымыз Қарағанды облысыныӊ энергетикалық саласыныӊ тиімділігін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретініне сенемін".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны