05.07.2017, 18:45 5748

Қарағанды облысында мал ұрлығымен және пәтер тонаушылықпен күрес күшейтіледі

Пәтер тонау және мал ұрлығы мәселесі Қарағанды облыстық әкімдікте өткен қылмыстыӊ алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияныӊ кезекті отырысында талқыланды. Аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов өзгеніӊ мүлкін жымқыру дерегін азайту үшін жұмысты күшейтуді тапсырды.

Қарағанды. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов мал ұрлығымен және пәтер тонаумен күресті күшейтуді талап етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Пәтер тонау және мал ұрлығы мәселесі Қарағанды облыстық әкімдікте өткен қылмыстыӊ алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияныӊ кезекті отырысында талқыланды. Аймақ жетекшісі Ерлан Қошанов өзгеніӊ мүлкін жымқыру дерегін азайту үшін жұмысты күшейтуді тапсырды.

Алдымен 2015-2017 жылдары бөтенніӊ мүлкін ұрлауға қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстыӊ есебі тыӊдалды. Кейін Қарағанды және Теміртау қаласыныӊ әкімдері баяндама жасады. Себебі облыс орталығы пәтер ұрлығы бойынша көшбастап тұр. Метталургтер қаласы да ұрлық қылмысынан қалыс қалмауда.

Полиция қызметкерлері ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында 4 400 пәтер тонау дерегі тіркелген. Бұл аймақтағы аталған қылмыс түрініӊ 71,6% құрап отыр.

Ерлан Қошанов қала әкімдері бұл мәселені назарда ұстауларын талап етті. Құқық қорғау орган қызметкерлермен бірлесіп, қылмыстыӊ алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Ал ауылдық ағайын мал ұрлығынан зардап шегуде. Сондықтан бұл заӊ бұзушылықпен күресті аудандарда да күшейту маӊызды.

- Облыстық ІІД, ветеринария басқармасы, қала аудан әкімдеріне ұрлықтыӊ алдын алуға бағытталған ұсыныс жобаларын жасау қажет. Бұл жұмысты атқаруға 28 шілдеге дейін уақыт беремін,- деп тапсырма берді Ерлан Қошанов.

Өзгеніӊ мүлкін тонауға қарсы бағдарламаны дамытуға бағытталған жұмыстарды дамыту шараларын жалғастыру керек деп атап өтті облыс әкімі.

- Тек ортақ күш салу арқылы ұрлықтыӊ алдын алу жұмысыныӊ сапасын арттыра аламыз. Яғни осы арқылы мемлекеттік қызмет жөнінде қоғамныӊ оӊ пікірін қалыптастырамыз,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Елбасы өзініӊ бір жолдауында: "Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.Біз еӊ ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осыныӊ өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдіӊ сапасына селкеу түсіреді",- деген болатын.

Еске сала кетейік, әлемніӊ барынша дамыған 30 мемлекетініӊ қатарына кіру мақсатын қоя отырып, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдегі еӊ қауіпсіз әрі адамдардыӊ тұруына барынша ыӊғайлы елдеріӊ біріне айналуға тиіс екенін атап көрсеткен. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділетті заӊ мен тиімді құқық пен тәртіп - дамыған елдіӊ негізі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны