04.04.2014, 20:44 3678

Қарағанды облысында мектепте шағын Қазақстан Халқы ассамблеясын ашу ұсынылды

Қарағанды облысының әр мектебінде Қазақстан Халқының шағын ассамблеясын ашу ұсынылды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы мен Қазақстан Халқы ассамблеясының арасындағы әріптестік туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. Қарағанды облысының әр мектебінде Қазақстан Халқының шағын ассамблеясын ашу ұсынылды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы мен Қазақстан Халқы ассамблеясының арасындағы әріптестік туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды.

"Құжаттың Қазақстан Халқы ассамблеясының XXI сессиясының қарсаңында қабылданып, қол қойылып жатқаны тегін емес. Бүгінде мемлекеттер мен халықтарға деген уақыттың талабы қатал. Өз бетінше өмір сүру болашағынан тек өзінің құндылықтары мен дәстүрлерін сақтай отырып жаңару мен жаңғыру жолында алға жылжыған мемлекеттер ғана үмітті бола алады", - дейді "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қадиша Оспанова.

Оның айтуынша, Партия доктринасы мен Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы бір-бірімен өзара үндеседі.

Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері оқушылардың түрлі мәдениет пен өзге елдердің тілін меңгеруі үшін облыстың әр мектебінде Қазақстан халқының шағын ассамблеясын ашуды ұсынды.

"Ұлтаралық қатынастармен тек Ассамблея ғана айналысуы керек деген түсінік қалыптасқан. Бұл қате пікір. Достастық пен келісім түрлі деңгейлер мен алуан форматтарда насихатталуы керек. Педагогтарды жинап осыны ұсынбақшымыз. Меморандумның басты мақсаты - қолда бар бірлікті, тұрақтылықты, келісімді сақтап тұру. Партия аталмыш құндылықтарды сақтауда белсенді еңбек етеді", - дейді Қ.Оспанова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны