Система Orphus

Қарағанды облысында мергендер жұптарының сайысы басталды

14.07.2014, 20:23 906

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қарағанды облысындағы "Спасск" оқу орталығында Арнайы мақсаттағы бөлімшелері мергендер жұбының "Алтын үкі - 2014" халықаралық жарысы басталды. Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкстан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысады, деп ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Алтын үкі - 2014" халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижанов: "әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар", - деп атап өтті.

"Сондай-ақ, биылғы жарыстар барысында "осында бесінші рет өткізіліп отырған мергендер өнерінің Орталық-Азиялық форумында барлық қатысушылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды", - деп ол өз ойын толықтырды.

Биыл Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. 19 шілдеге дейін барлаушыларға дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын

16 жаттығуды орындауға тура келеді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны