09.07.2014, 22:48 3326

Қарағанды облысында мергендердің халықаралық жарысы өтеді

ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан ұйымдастырылатын жыл сайынғы шараға Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, АҚШ пен Түркия мергендері бақ сынасады.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысы "Спасск" оқыту орталығында 14-18 шілде аралығында арнайы бағыттағы "Алтын Үкі-2014" бөлімшелерінің мергендер жұбының халықаралық жарысы өтеді.

ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан ұйымдастырылатын жыл сайынғы шараға Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, АҚШ пен Түркия мергендері бақ сынасады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жарыс 4 кезең бойынша өткізілді. Онда "Кедергілер жолағы", "Қозғалыс кезіндегі ату", "Маятник", "Блок пост", "Мергендер жұбының дуэлі" және өзге де жаттығулар жасалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны