12.09.2011, 15:12 3764

Қарағанды облысында Мұқышевке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды - баспасөз баяны

Шахтинск қалалық сотының үкімімен М.Мұқышев ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалған.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) М.Мұқышевке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Ол 2010 жылғы желтоқсанда оған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 140 мың теңге тағылған әкімшілік айыппұлды төлеу мақсатында, өзін және Долинка ауылдық әкімшілігі аппаратының басқа қызметкерлерін марапаттау туралы заңсыз бұйрық шығарып, 248 мың теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын пайдаланған.

Шахтинск қалалық сотының үкімімен М.Мұқышев ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны