11.12.2006, 14:32 2953

Қарағанды облысында оқ-дәрілер мен зымыран жанармайы сақталған орын табылды

АСТАНА. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында оқ-дәрілер мен зымыран жанармайы сақталған орын табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне әскери прокуратурадан хабарлады.

Иесіз орын Приозерскден 30 шақырым жерде орналасқан. Прокуратура
мәліметтеріне сүйенсек бұрын бұл жерде КСРО қорғаныс министрлігінің қоймасы болған, ал Кеңес үкіметі тарағаннан кейін қойма жерге көміліп, ол туралы мүлдем ұмытылған. "Бұл жерлерде сақталған оқ-дәрілердің салмағынан жер шөгіп кеткен", - дейді прокуратурадағы ақпарат көзі.

Иңгімелескендердің пікірінше мұндай жағдай "әскери нысаналарды республика меншігіне өткізуді қадағалайтын кейбір әскери қызметкерлердің немқұрайлылығы салдарынан" орын алуы мүмкін.

Ақпарат көзінің сөздеріне сүйенсек, жер астында қанша оқ-дәрілер мен жанармайдың жатқандығын анықтау әзірге қиындық туғызып тұр. Оқ-дәрілер мен жанармай табылған орынды әскерилер қоршауға алды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, арнайы комиссия жұмыс істеуде. ҚР қорғаныс министрлігінде оқ-дәрілерді пайдаға жарату мәселесі шешілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны