24.02.2014, 19:11 11000

Қарағанды облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды

Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі Камохара Маяаеси, ҚР-дағы ЮНИСЕФ өкілі Джун Кукита қатысты. Олар ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына үлес қосуға дайын екендіктерін айтты.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. Қарағанды облысының Теміртау қаласында әйелдер мен балаларды қолдайтын орталық ашылды.

ҚР Президентінің "Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауын жүзеге асыруда, аналар мен балаларды қорғау мемлекетік саясатын жүзеге асыру барысында Қарағанды облысының Теміртау қаласында 2014 жылдың 13 ақпанында тағдырдың тәлкегіне ілінген аналар мен балаларға қолдау көрсететін орталық ашылды. Қоғамдық ұйымның атауы "Менің үйім" деп аталады. Мекеме жапондық елшілік бөлген қаражатқа салынды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісі Камохара Маяаеси, ҚР-дағы ЮНИСЕФ өкілі Джун Кукита қатысты. Олар ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына үлес қосуға дайын екендіктерін айтты.

Орталықта ана мен баланың жатын орны қарастырылған. Ол жерде қалпына келтіру, сауықтыру үрдістері жасалатын болады. Сондай-ақ, әлеуметтік көмек пен отбасының нығаюына бағытталған психологиялық шаралар да ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны