07.03.2017, 12:09 4687

Қарағанды облысында сібір жарасыныӊ ошақтарына мемлекеттік актілер берілді және олар жер кадастрына енгізілді

Қарағанды облысында сібір жарасыныӊ ошақтары жерленген 135 жердіӊ 28-не мемлекеттік актілер берілді және олар жер кадастрына енгізілді. Бұл туралы аппарат отырысында облыстық ветеринария басқармасыныӊ басшысы Бауыржан Асанов хабарлады.

Қарағанды. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында сібір жарасыныӊ ошақтары жерленген 135 жердіӊ 28-не мемлекеттік актілер берілді және олар жер кадастрына енгізілді. Бұл туралы аппарат отырысында облыстық ветеринария басқармасыныӊ басшысы Бауыржан Асанов хабарлады.

Ветеринарлық қауіпсіздік туралы мәселе облыс әкімдігінде қаралды.

"Біздіӊ өӊірде сібір жарасыныӊ 135 ошағы тіркелген. 2016 жылы 57-сінен сынама алынды. Соныӊ ішінде бүгін 28-і мемлекеттік жер кадастрыныӊ базасына енгізілді, оларға мемлекеттік актілер берілді. 22-сі бойынша биыл мемлекеттік актілерді рәсімдеуді жоспарлап отырмыз. 2017 жылы барлық сібір жарасы жерленген жерлер бойынша жұмыстарды аяқтау міндетін алға қойдық", - деді Бауыржан Асанов.

78 ошақтан сынама алу керек. Баяндамашыныӊ айтуынша, жұмыстарды жүргізу үшін 480 млн. теӊге қажет. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді. Зертханалық зерттеулермен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі жанындағы сараптама орталығы айналысады.

Сібір жарасы жерленген жерлерге тану белгілері қойылды. Қауіпті аймақта малдарды жаймау үшін ошақтар қоршалуда.

Басқарма басшысыныӊ мәліметінше, өткен жылы облыста мониторингтік тексерулермен ветеринарлық талаптарды бұзудыӊ 50 аса жағдайы анықталды. Оныӊ басым бөлігі вакцинациялаумен, ветеринарлық өӊдеуді дұрыс жүргізбеумен байланысты. 9 жағдайда ветеринарлық препараттарды сақтау ережелері бұзылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны