11.08.2017, 11:12 4259

Қарағанды облысында таяудағы екі жылда мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі негізінде 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

Қарағанды облысында таяудағы екі жылда мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі механизмін пайдалану негізінде 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов "Ашық диалог" порталында интернет-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында таяудағы екі жылда мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі механизмін пайдалану негізінде 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов "Ашық диалог" порталында интернет-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысында таяудағы екі жылда мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі механизмін пайдалану негізінде денсаулық сақтау, білім беру, спорт, энергетика, қауіпсіздік салаларында 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланған",- деді өӊір басшысы.

Оныӊ айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы жобалар бойынша 2017 жылдыӊ 8 маусымында ресми интернет-ресурста жеке меншік серікстесті анықтау үшін байқау өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырылған. Қазір денсаулық сақтау басқармасында тікелей келіссөздер жүргізу және жобалардыӊ салалық сараптамасын жасау, бастама туралы хабарландыру жөніндегі комиссия құрылып, ол туралы ақпарат орналастырылған. Сонымен қатар "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құығын қорғау комитетініӊ қорытындылары алынған.

Білім беру басқармасыныӊ жобалары бойынша шарттыӊ тұжырымдамасы мен жобасыныӊ сараптамасыныӊ қорытындысы жасалған. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасып жатыр, деді Қошанов.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеӊейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әӊгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр. Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігініӊ ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар - мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімніӊ барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеӊілдету және жеделдету қажет.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соныӊ ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудыӊ негізгі тетігіне айналуға тиіс,- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны