21.09.2009, 14:17 1667

Қарағанды облысында тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының жолы кесілді

Қарағанды облысында тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының жолы кесілді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 15 қыркүйекте Шет ауданындағы шаруа қожалығының басшысы 44 жастағы әйелдің сыйақы үшін 40 жастағы ер адамды өлтіретін орындаушыны іздегені туралы жедел ақпарат түседі",- деп хабарлайды ІІМ.

"Жедел - тактикалық операцияларды өткізу кезінде кісі өлтіруді модельдеу жүргізілді. Тапсырыс беруші талап еткендей мүмкін болатын "құрбан" зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілермен өзінің көлігінің қасында суретке түсірілді. 18 қыркүйекте шаруа қожалығының басшысы Қарағанды қаласына кісі өлтіруді дәлелдейтін суретпен және орындаушымен есеп айырысу үшін өзінің "Нисан - Превиа" автокөлігімен келеді",- делінген хабарламада.

Қ.Жұмановтың хабарлауынша, "Сағат 18.00-де Ерубаев көшесіндегі нотариалды контордан шыға берісте тапсырыс берушіні облыстық ІІД-нің ҰҚҚКБ және тергеу қызметкерлері ұстады, одан кісі өлтіру оқиғасына қатысты фото суреттер мен автокөлікті рәсімдеу туралы сенімхаттың көшірмесі тәркіленді".

"Күдікті кісі өлтірушіні сіңлісінің кегі үшін жалдаған екен, жәбірленуші 1997 жылы үйлену үшін сіңлісін ұрлаған, кейін одан бас тартқан, соған байланысты өзара жеккөрушілік қарым-қатынас туындайды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны