31.03.2014, 19:40 6635

Қарағанды облысында ТЖ жоюға 200-ге жуық адам жұмылдырылды

Қарағанды облысы Көкпекті кентінде ТЖ жою бойынша жұмыс жалғасуда.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Қарағанды облысы Көкпекті кентінде ТЖ жою бойынша жұмыс жалғасуда.

Құрамында ТЖМ бөлімшелері, ІІД, әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бар жеті топ бойынша тексеру ұйымдастырды, деп ТЖМ хабарлайды.

ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 150-ден астам адам мен 19 бірлік техника, сондай-ақ ІІ басқармасынан 20 адам мен 4 бірлік техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖ-ды жою штабын ҚР ТЖ министрі В.К. Божко басқарды.

8 7212 788686 "қауырт желісі" ашық, ҚР ТЖМ психологтары жұмыс жүргізіп жатыр.

Көкпекті ауылында штаб жанында медициналық пункт орнатылды, оған 9 тұрғын жүгінді, соның ішінде 6 адам "салқын тию" диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны