Система Orphus

Қарағанды облысында заңсыз суыр аулау оқиғалары анықталды

22.08.2008, 17:55 2035

Қарағанды. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында заңсыз суыр аулау оқиғалары анықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауданының Шарықты ауылдық округінде ағымдағы жылдың 28 маусымында жануарлар және өсімдік әлемінің биоресурстарын сақтау бойынша рейдтік шараларды жүргізу кезінде табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция бөлімінің қызметкерлері суыр аулап жүрген Итөлген қыстағының тұрғынын қамауға алды.

"Аңшыдан пышақ, суырдың майын ерітіп алатын 3 қондырғы, суыр терісін тартатын 100 металл сым темір, 3 қақпан және 3 литр суыр майы тәркіленді. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде ол 30 суыр аулаған", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Оған қатысты Қарқаралы аудандық ішкі істер органы ҚР Қылмыстық кодексінің 288-бабының 1-тармағы (Заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, 28 шілдеде Балағазы қыстағының тұрғынынан 81 суыр терісі мен 3 қақпан тәркіленді. "Оның айтуынша, ол суыр аулаумен 2008 жылдың мамыр айынан бері айналысқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Оның үстінен де ҚР ҚК 288-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны