04.08.2017, 14:11 5434

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлері ауылдарда бизнесті дамытуға гранттар алды

Қарағанды облысында он жас кәсіпкер ауылдар мен кенттерде бизнестерін дамыту үшін гранттарға ие болды. Гранттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі Абайда ауыл жастарыныӊ ХІV форумы аясында өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында он жас кәсіпкер ауылдар мен кенттерде бизнестерін дамыту үшін гранттарға ие болды. Гранттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі Абайда ауыл жастарыныӊ ХІV форумы аясында өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов, облыстық басқармалардыӊ, аудан және ауыл әкімдіктерініӊ жетекшілері мен өӊірлік жастармен жұмыс жасау орталықтарыныӊ басшылары, жас ауыл кәсіпкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты. Форум барысында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру мақсатында жастарды жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған басқа да бағыттарда семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар, форум барысында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға облыс әкімініӊ грантын табыстау рәсімі өтті.

- Бүгін біз форум аясында жақсы әӊгіме құрдық, қызықты сұрақтарды талқыладық,- деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.- Болашақта тағы жиналамыз деген үміттемін. Жастар - ел болашағы. Сол себепті келесі жылдан бастап біз грант көлемін екі есеге, миллион теӊгеге дейін көтеруді шештік.

Биыл 10 адам грант иегерлері атанды:

- Азамат Қанышев (Ботақара ауылы);

- Станислав Моцный (Көкпекті ауылы);

- Дина Талюкенова (Атасу ауылы);

- Саян Ақыжанов (Жанатоған ауылы);

- Нұржан Еркін (Қарқаралы қаласы);

- Ийгерім Асилова (Кертенді ауылы);

- Мақпал Жанғарашова (Киевка ауылы);

- Ақбөпе Қоқанова (Кертенді ауылы);

- Қарақат Қанатбек (Ақсу-Аюлы ауылы);

- Арайлым Оразбекова (Ақшатау ауылы).

Грант көлемі 200 000 мен 500 000 теӊге аралығында болды. Бұл қаржыға жастар өз істерін дамытпақ.

Мысалға, Нұржан Еркін 2009 жылдан бері аяқ киім жөндеумен айналысады. Енді ол өз ісін кеӊейтпек, себебі аудан бойынша жалғыз өзі осы іспен айналысуда.

- Бізге білдек қажет, грантты сол құрылғыны сатып алуға жұмсаймыз. Қазір ұлым бәрін қолмен жасайды, білдекпен біраз жеӊіл болар еді. Және басқа да керек-жарағымызды аламыз,-дейді Нұржанныӊ анасы.

Тағы бір грант иегері Ийгерім Асилова өз ауылында аспаздықпен айналысуда. Ол да ұтып алған грантына өз ісіне қажет заттарды сатып алмақ.

Ауыл жастарыныӊ форумын өткізу Қарағанды облысында дәстүрге айналған. Шараныӊ басты мақсаты - ауыл жастарыныӊ өзекті мәселелері мен сұрақтарын ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру, аталған бағыттағы атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ бірлескен іс-әрекетін үйлестіру, жастарды әлеуметтік қолдау. Сонымен қатар, форум - ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны