19.12.2007, 15:40 2664

Қарағанды облысында жедел қызметінің қатардағы 3 сарбазына өзінің қызметтесін өлтірді деген айып тағылуда

Қарағанды облысында жедел қызметінің қатардағы 3 сарбазына өзінің қызметтесін өлтірді деген айып тағылуда

Қарағанды. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы 06708 әскери бөлімінің қатардағы үш сарбазына өзінің қызметтесін өлтірді деген айып тағылуда. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне орталық аймақтық әскери прокуратурасының әскери прокурорының орынбасары Владимир Мороз хабарлады.

"Биылғы жылдың 25 маусым айында таңертеңгі сағат төртте Приозерск қаласындағы 06708 әскери бөлімінің жедел әскери қызметінің 3 сарбазы өзінің қызметтесін өлтірді. Олар бес ай бойы басқа әскери қызметкерлері арасында белгіленген жарғылық тәртіпті бұза отырып, өздерінің басқалар алдындағы артықшылығын көрсету үшін, сарбаздарды талай рет соққыға жығып, ар-намыстарын таптаған ", - деді В. Мороз.

"1 зениттік атқыштар дивизионының жедел әскери қызметін өтеп жүрген 3 сарбаздың біреуі қару командирінің қызметін, екеуі аға дәлдеуші қызметін атқара отырып, мас күйінде әскери қызметтесін соққының астына алған. Жанжалдың туындауына 1000 бірлік актив -картасын алып беруден бас тартуы себеп болған ", - деп хабарлады әскери прокурорының орынбасары.

Оның сөздері бойынша, олар соққыға алынған сарбазға "менің өлімімде ешкімге кінә тақпаңдар" деген қол хатты күштеп жаздырған. "Содан кейін оны казарма ғимаратының үшінші қабатында орналасқан тұрмыстық бөлмесінің әйнекті терезесінен лақтырып жіберген". Алған жарақаттардан сарбаз қалалық ауруханада көз жұмды.

"Қазір іс бас әскери прокуратурасының қаралуына және әскери сотқа жіберу туралы шешім шығарылуына жіберілді", деді Орталық аймақтық әскери прокурорының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны