03.12.2007, 16:57 3233

Қарағанды облысында жыл басынан бері көлік оқиғаларының салдарынан 370 адам қайтыс болған

Қарағанды облысында жыл басынан бері көлік оқиғаларының салдарынан 370 адам қайтыс болған

Қарағанды. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының аумағында 2007-жылдың басынан бері 1480 көлік апаты тіркелген, соның салдарынан 370 адам қайтыс болып, 1891 адам жарақаттанған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстың жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық басқарманың ақпараттарына сүйенсек, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда "апаттың барлық көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілген: яғни көлік апатының саны бойынша - 2,4 пайызға (1517-ден 1480-ге), қайтыс болғандардың саны бойынша - 7,5 пайызға (400 адамнан 370 адамға дейін) және жарақаттанғандардың саны бойынша - 4,8 пайызға (1986-дан 1891 адамға дейін) төмендеген".

Бірақ, басқармадағылар көлік апаттарының саны мен оның салдарынан зардап шеккендердің саны әлі де жоғары болып отырғандығын айтуда. Осыған байланысты Қарағанды облысында өткен аптада "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы" атты жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілген. "Іс-шара жүргізу кезінде облыста 25 көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 4 адам мерт болып, 32 адам әртүрлі жарақаттар алған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде "10 қылмыс ашылып, 3312 жол қозғалысының ережесін бұзу дерегі анықталған, соның ішінде 209 көлікті мас күйінде басқару дерегі, 149 жылдамдық режимін сақтамау дерегі, 67 жолдың қарсы бетіне шығу дерегі анықталып отыр",- деп хабардар етті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны