29.06.2009, 15:30 2882

Қарағанды облысында жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу рыногында алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды - ІІМ

Қарағанды облысында жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу рыногында алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды - ІІМ

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу рыногында алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу рыногында алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Аталған қылмыстық топ әрекетінің салдарынан ондаған азаматқа 75 миллион теңге сомасында шығын келтірілген.

Өткен аптаның соңында оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарғандары үшін қылмыстық іс қозғалды", - деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны