11.07.2017, 20:06 3690

Қарағанды облысындағы әлеуметтік павильондар бір айдыӊ ішінде жұмысын жандандырады

Бұған қоса облыста жеке меншікке жалға берілген 33 әлеуметтік павильон бар. Бүгінгі күні біз оларды толықтай Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға қайтарып алдық. Бір айда жөндеу жұмыстары аяқталып, әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ барлығы онда арзан бағаға сатылатын болады. Бұл шаралар бізге әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ тұтынымдық бағасыныӊ индексін бір жыл бойына белгіленген дәліз ауқымында ұстап отыруға мүмкіндік береді. Мәселе тұрақты бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр", - деді облыс әкімі.

Қарағанды. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ бағасын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Өӊірде жылдыӊ басынан бері әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарлары бағасыныӊ индексі өсу ағымы байқалып отыр. "Илеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ 19 түрі бойынша төрт түрлі өнімніӊ, атап айтқанда, картоп, қырыққабат, пияз және сәбіз секілді көкөніс өнімдерініӊ бағасы еӊ көп өсті. Баға мамыр мен маусым аралығында өскен. Бұл өткен жылғы түсім қалдығыныӊ таусылуына және нарықта оӊтүстік өӊірлерден әкелінген қымбат бағалы жаӊа түсім көкөністерімен қанығуына байланысты болды", - деді бүгін селекторлық режимде өткен үкімет отырысы барысында Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов.

Осы орайда ол облыста 2016-2017 жылдарда көкөніс өнімдерініӊ тұрақтандыру қоры жасақталмағанын атап өтті. Сонымен бірге жергілікті билік аталған жағдайға талдау жасай келе бірқатар оперативтік және жүйелік шаралар қолданды.

"Оперативтік шараларға келсек, біз үш ай бойы Қырғызстан мен Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊірлерінен жасыл керуен арқылы көкөністер жеткізілімін жолға қойдық. Бұл тұрғындарды нарықтық бағадан 15% төмен бағаға арзан көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, апта сайын ауылшаруашылық жәрмеӊкелері өткізіледі, оларда шамамен 2 мыӊ тоннадай ауылшаруашылығы өнімдері саудаланды. Жыл басынан бері облыста 249 жәрмеӊке өткізілді. Оларда сатылған өнімдердіӊ жалпы құны 1,3 млрд теӊгені құрады", - деді Қошанов.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларына 5%.-дан аспайтын еӊ аз үстеме баға қосу туралы сауда желілерімен меморандумдар бекітілген.

"Соныӊ нәтижесінде шілденіӊ басынан бері картоп, қырыққабат секілді көкөністер мен басқа да азық-түлік тауарларына баға арзандау ағымы байқалып отыр. Илеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ тұтынымдық бағасыныӊ индексі осы аптада 99,7% құрады", - деді өӊір басшысы.

Ал жүйелік шараларғап келсек, оныӊ ақпаратына сәйкес, облыста 2017-2018 жылдарға арналған көкөніс өнімдерініӊ тұрақтандыру қоры жасақталуда. Өӊірде көкөніс қоймасыныӊ ауқымы жеткілікті.

"Сондай-ақ, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен өздері өндірген барлық өнімніӊ кемінде 5%-ы көлеміндегі көкөніс өнімдерін облыс аумағында саудалау туралы меморандумдар бекітілуде. Бұл өнімдер ақпан мен мамыр аралығын қоса алғанда, маусым аралық кезеӊде нарықтық бағадан 15% төмен бағаға сатылатын болады. Бұл жұмыстар бір айда аяқталады. Бұған қоса облыста жеке меншікке жалға берілген 33 әлеуметтік павильон бар. Бүгінгі күні біз оларды толықтай Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға қайтарып алдық. Бір айда жөндеу жұмыстары аяқталып, әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ барлығы онда арзан бағаға сатылатын болады. Бұл шаралар бізге әлеуметтік маӊызы бар азық-түлік тауарларыныӊ тұтынымдық бағасыныӊ индексін бір жыл бойына белгіленген дәліз ауқымында ұстап отыруға мүмкіндік береді. Мәселе тұрақты бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр", - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 31 қаӊтардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында макроэкономикалық тұрақтылықты даму басымдықтарыныӊ бірі ретінде атаған болатын. Атап айтқанда, инфляция деӊгейін орта мерзімдік кезеӊде 3-4%-ға дейін төмендету мақсаты қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны