28.07.2016, 19:18 4963

Қарағанды облысыныӊ әкімі Қазақстанныӊ тұӊғыш ғарышкерін мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков бүгін әскери ұшқыш, ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Иубәкіровты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды. 28 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков бүгін әскери ұшқыш, ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Иубәкіровты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Өӊір басшысы өзініӊ құттықтау сөзінде Республика тәуелсіздік алған сол бір сәтте әр қазақстандықтыӊ отандық өз ғарышкерін ұшыруды армандағанын атап өтті. Және сол арман президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ғарышқа корабльдерді ұшырып отырған жердіӊ өз өкілі ұшқаны әділетті деп санап, соған күш салуыныӊ арқасында іске асырылғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тоқтар Оӊғарбаевич, Мемлекет басшысы біздіӊ өз жерлесіміз, лайықты үміткер ретінде сізді таӊдап алғанын расында да мақтан тұтамыз. Сіздіӊ ерлігіӊіз бен еӊбекқорлығыӊыз жоғарғы дәрежелі мемлекеттік марапаттарға лайық деп танылған. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас қуат, отбасыӊызға бақыт пен баяндылық тілеймін", - деп атап өткен Нұрмұхамбет Ибдібеков мерейто иесіне ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Тоқтар Иубәкіровты мерейтойымен құттықтай келген құрметті қонақтардыӊ арасында КСРО ұшқыш-ғарышкері, КСРО батыры Александр Волков, ұшқыш-сынақшы, КСРО батыры Георгий Маслов, Австрияныӊ тұӊғыш ғарышкері Франц Артур Фибек, ұшқыш-сынақшы, РФ батыры Марат Алыков, РФ еӊбегі сіӊген машина жасаушысы Валерий Новиков, авиаконструктор Артем Микоянныӊ ұлы Ованес Микоян секілді тұлғалар болды.

Осынау мерейтой күні авиация генерал-майорын еліміздіӊ шығармашыл зиялы қауым өкілдері де құттықтады. Олардыӊ арасында халық әншісі, сазгер Ескендір Хасангалиев, опера әншісі Бибігүл Төлегенова, ақын, жазушы Серік Тұрғынбекұлы бар.

Қазақстанныӊ тұӊғыш ғарышкері Тоқтар Иубәкіровтыӊ ғарыш сапарыныӊ 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардыӊ шеӊберінде меймандар облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Осынау елеулі оқиға бұдан әрі қазақстандық ғарышкердіӊ туған өлкесі - Қарқаралы ауданында жалғасын тапты.

Бүгінде Қазақстанда ғарыш саласы қарқынды дамып келеді. Елде заманауи интеграцияланған ғарыштық инфрақұрылым қалыптасқан, кәсіби білікті ғылыми және инженерлік мамандар шоғыры жасақталды, олар жетекеші отандық және шетелдік компаниялар мен жоғары оқу орындарында машықтандырылуда, сондай-ақ, ғарыштық техниканыӊ отандық үлгілерін жасап шығарушы зерттеу орталықтары жұмыс істеуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны