07.03.2017, 12:12 4615

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен әйелдер қауымын құттықтады

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты қабылдауда әйелдер қауымын құттықтады. Шара барысында көп балалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградалары табысталды.

Қарағанды. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты қабылдауда әйелдер қауымын құттықтады. Шара барысында көп балалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградалары табысталды.

- Бүгін осы жерде өз еӊбегімен, талантымен және іскерлік ақсиеттерімен жетістікке қол жеткізген әйелдер жиналып отыр, - деді әкім өз сөзінде. - Егер Қарағанды облысыныӊ экономикасында жұмыс істейтіндердіӊ жартысына жуығы әйел екенін ескерсек, біздіӊ өӊіріміздіӊ жетістіктері - сіздіӊ жетістіктеріӊіз деуге де болады.

Икімнен кейін нәзік жандылар да сөз сөйледі. Олар Нұрмұхамбет Қанапияұлына әйелдер еӊбегі туралы айтып берді. Денсаулық сақтау жүйесініӊ қызметкерлері, өндірісте жұмыс істейтіндер мен кәсіпкер әйелдер өз пікірлерін жеткізді.

Шара соӊында облыс әкімі жеті және одан артық бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға "Алтын алқа", ал алты баласы барларға "Күміс алқа" табыстады. Виктория Когай мен Айнагүл Хамитова алтын төсбелгі, Сара Ысқақова, Галина Беспалова, Салтанат Дәулетбаева мен Шырай Сәкенова күміс төсбелгі алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны