03.03.2017, 20:58 6267

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Қарқаралы ауданыныӊ көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

Аймақ басшысы су басу қаупі бар бірнеше ауылды аралады.

Қарағанды. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Қарқаралы ауданыныӊ көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді.

"Жыл сайын су тасқыны осы жерден басталатындықтан арнайы келіп отырмыз. Өзен осы жерден басталады. Жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырудыӊ барысымен танысамыз. Біздіӊ міндетіміз - төтенше жағдайларғажол бермеу және адамдардыӊ қауіпсіздігінқамтамасыз ету", - деді Нұрмұхамбет Ибдібеков.

Аймақ басшысы су басу қаупі бар бірнеше ауылды аралады. Облыс әкімі Ынталы ауылыныӊ жанындағы Нұра өзенініӊ жағдайымен танысты. Көктас ауылына жақын маӊда Нұрмұхамбет Ибдібеков аудан басшысыныӊ ағымдағы жағдай мен қабылданатын шаралар туралы баяндамасын тыӊдады. Облыс әкімі Тегісшілдік ауылыныӊ жанындағы Жарлы өзенініӊ жағасын қарады.

Сонымен қатар, Нұрмұхамбет Ибдібеков әлеуметтік желіде қардыӊ астында қалуымен танымал болған Бүркітті ауылыныӊ тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарыныӊ айтуынша, 50 жылдан бері мұндай қалыӊ қар жаумаған. Қарқаралы ауданыныӊ әкімі Қалел Мақсұтов қар шығару жұмыстары ұйымдастырылғанын, жұмыстарға арнайы техниканыӊ тартылғанын хабарлады.

Қарағанды облысында "Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз" автомобиль жолыныӊ учаскесінде ұзындығы 94 км жол жабынына орташа жөнду жұмыстары жүргізіледі. Жобаға жол астындағы су өткізу құдықтарын ауыстыру да енгізілді. Сондай-ақ, Матақ ауылын еріген қар суынан қорғайтын бөгеттіӊ құрылысы қарастырылған.

Жобаныӊ жалпы құны - 499 млн. теӊге. Жұмыстар 2017 жылға жоспарланған.

"Бүгін белгіленген жұмыстар кешенініӊ іске асырылып жатқанын көрдік. Қосымша күшейтуді қажет ететін жайттар бар. Жалпы, су тасқыны 2016 жылғы деӊгейде болады деп күтілуде, - деді Нұрмұхамбет Ибдібеков. - Облыстыӊ 2017 жылғы су тасқынына дайындығы жоспарлы түрде өтіп жатыр. Едәуір жақсы деӊгейде деп айта аламын. Материалдық және қаржылық резервтер жасалды".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны