04.07.2014, 20:25 3101

Қарағанды облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жаңа, өзектендірілген нұсқасының қабылдануы - жалпы Жезқазған өңірінің халқы үшін үлкен жетістік. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков аймақтарға жасаған алғашқы жұмыс сапары барысында осылай деп мәлімдеді.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жаңа, өзектендірілген нұсқасының қабылдануы - жалпы Жезқазған өңірінің халқы үшін үлкен жетістік. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков аймақтарға жасаған алғашқы жұмыс сапары барысында осылай деп мәлімдеді.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі "Қазақмыс Корпорацияы" ЖШС-іне қарасты "Жезказганцветмет" тау-кен орнының жұмыс барысымен танысты.

Сонан соң аймақ басшысы Весовая, Крестовский елдімекендеріне барып, Жазқазған ауылында орналасқан геологиялық барлау нысаныпен танысты.

Сәтпаевта салынып жатқан жаңа тұрғын үй - әкімнің басты назарында болды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Аталған тұрғын үйге Жезқазған кентінің тұрғындары көшірілмек. 35 пәтері бар, жалпы аумағы 2150 шаршы метр құрайтын тұрғын үйдің құрылыс құны 172 млн теңгені құрайды. Алғашқы тұрғындар тамыз айында көшіп келеді деп жоспарлануда.

Содан кейін облыс әкімі ЖШС "Қазақмыс Смэлтинг" мыс балқыту зауытына барды. Ол қайта жөндеуден өту үшін қазір уақытша жөндеуде тұр.

Аймақ басшысы Жезқазған қаласында орналасқан "Қазақмыс Энерджи"-не барып, алдағы жылу кезеңіне дайындық барысымен танысты.

Сонымен қатар облыс әкімі "Қазтехфильтр" ЖШС-нде болды. Аталған кәсіпорын қоғамдық көліктерге арналған бөлшектер өндірумен айналысады. Жалпы құны 463,7 мле теңгені құрайды. Шыққан өнім Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінеде жеткізіліп отыратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны