19.02.2014, 19:49 17416

Қарағанды облысының әкімі Пәкістанды ынтымақтастыққа шақырды

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Ибдішев аймақпен танысу үшін іс-сапармен барған Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және уәкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесті.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Ибдішев аймақпен танысу үшін іс-сапармен барған Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және уәкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесті.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Бауыржан Ибдішев қонаққа Қарағанды облысы, аймақты экономикалық-әлеуметтік дамыту бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, өңір басшысы сыртқы экономикалық байланыстар мен "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймақтың қызметі және Қазақстан Кедендік одаққа кірген соң өңірдің алдында ашылған жаңа мүкіндіктерді тілге тиек етті.

Облыс әкімі, аймақтың өнімі әлемнің 40-тан астам еліне экспортталатынын хабарлады. Б. Ибдішевтың айтуынша, облыстың қолайлы инвестициялық климаты, бай шикізат қоры мен оның орналасқан жері шетелдік инвесторларға кедергісіз жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасады.

"Менің білуімше, пәкістандық тарап барлық салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отыр. Сіздерді экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша әріптестік орнатуға шақырамын", - деді облыс әкімі.

Кездесу соңында Бауыржан Ибдішев қонаққа алғыс айтып, Қазақстан мен Пәкістан арасында байланыс дамып, нығая беретініне сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны