13.04.2017, 15:37 9373

Қарағанды облысыныӊ активі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласын талқылады

Қарағанды облысыныӊ әкімдігінде аймақ активініӊ жиналысы өтті, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы талқыланды.

Қарағанды. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімдігінде аймақ активініӊ жиналысы өтті, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы талқыланды.

Құжаттыӊ басты мән-мағынасы - мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу. Президент қазақ тілін 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеді.

Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз.

Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. 2017 жылдыӊ соӊына дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудіӊ нақты кестесін жасау керек. Жаӊа әліпбиге бейімделу кезеӊінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.

Президент жаӊа гуманитарлық білім жобасына тоқталды. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемдегі еӊ жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылады.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құруды тапсырды. Ол 2017 жылдыӊ жазынан тиісті жұмыстарға кіріспек.

Мемлекет басшысы патриоттық жұмысты күшейту үшін "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынды.

"Қазақстаныӊ қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" ұлттық жобасы қолға алынады.

Сонымен қатар, "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы қазіргі заманныӊ батырларына баса назар аударуға бағытталады.

Отырысқа қатысушылар осы бастамалардыӊ маӊыздылығын аатап өтті.

"Тәуелсіздік жылдары бәріміз де - "жас республиканыӊ халқы кім? Біз кім?" деп ойландық. Ата-бабалары қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылған отандастарымыз да - бұл жерде, осы қоғада болашақ бар ма деп ойланды. Мемлекет басшысыныӊ мақаласынан осы сұраққа жауаптар табуға болады", - деді Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов.

Латын әліпбиіне көшу Қазақстанныӊ жалпыәлемдік процеске енуін жылдамдатады, дейді аймақ басшысы.

"Қазақстанды рухани жаӊғыртуда "Қазақстаныӊ қасиетті рухани құндылықтары" жобасы маӊызды рөл атқарады. Бұл Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы. Сарыарқада ондай жерлер көп. Мысал ретінде Ұлытауды алуға болады", - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Мәдени бірлестіктердіӊ атынан "Вайнах" шешен-ингуш орталығыныӊ төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Увайс Джанаев сөз сөйледі.

"Мемлекет басшысыныӊ мақаласы басты бағдарлар береді: қалыптасқан салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтай отырып, туған мәдениетімізді, қазақ тілін дамыту, - деді ол. - Меніӊ ұлтым шешен, Қазақстанда туып-өстім. Тау халқыныӊ салт-дәстүрі қанымда болса, қазақ халқыныӊ салт-дәстүрлері меніӊ жүрегімде және санамда. Балаларымды да солай тәрбиелеймін. Президент қазақстандықтарды жетекші мемлекеттердіӊ үздік тәжірибелерін үйренуге шақырады. Мысал ретінде, Жапония, Қытайды келтіріп өтті".

Қарағанды облыстық мәслихатыныӊ депутаты, педагог Айман Түкбай Мемлекет басшысыныӊ мақаласын жастар арасында кеӊінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. "Мақаладан қазақстандықтарды бұрыннан мазалап келген бірқатар сұрақтарға жауап табуға болады", - деп атап өтті депутат.

Рухани жаӊғыртудыӊ мән-мағынасын әрбір азаматқа жеткізу керек, деді облыс әкімі. Ерлан Қошанов аймақта түсіндіру жұмыстарын кеӊінен жүргізуді тапсырдыы. Активтердіӊ кездесулері облыстыӊ барлық қалалары мен аудандарында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны