28.07.2014, 20:04 4089

Қарағанды облысының балық шаруашылығында 36 көл мен 80 су қоймасы пайдаланылады

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында өңірдегі балық шаруашылығының бүгіні мен болашағы сөз болды, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында өңірдегі балық шаруашылығының бүгіні мен болашағы сөз болды, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейні инспекциясының жетекшісі Сағымбай Медеубаевтың айтуынша, өңірде балық шаруашылығын енгізу мақсатында 36 көл мен 80 жасанды су қоймасы пайдаланылуда. Қазіргі таңда оларда 32 балық түрі бар. Алайда соның ішінде төрт түрі ғана кеңінен тараған.

Облыстағы балық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі жасанды және табиғи балық ресурсы өндірісінің шарттарын дамыту. Балық шаруашылығы су қоймаларын пайдаланушылар өз қаражаттары есебінен жыл сайын су қоймаларын балықпен қамтамасыз ету шараларын қолға алады. Атап айтар болсақ, олар "Арлан", "Исел" шаруа қожалықтары мен "Тайтілеуов" ЖК мен өзгелері. Осы шаруа қожалықтарының арқасында облыста балық шаруашылығының барлық мәселелері шешілген.

"Су қоймасын пайдаланушылар 10 жыл ішінде оны қорғау, балық ресурстарымен байыту, ғылыми зертеу жүргізу мен материалдық-техникалық базамен жарақтандыру міндеттемелерін мойындарына алып отыр. Жыл сайын осынау шараларға 50 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады", - деп хабарлайды әкімдік.

Қазіргі таңда климаттық жағдай, су қоймаларының өзгермелі және болжануы қиын гидрологиялық режимі мен өзге де антропогенді ерекшеліктердің факторлары дәстүрлі балық шаруашылығын қолға алуда белгілі бір деңгейде қиындықтар тудырып отыр. Сол себепті жиында да айтылғандай, облыстың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерінің бірі балық шаруашылығының мәдениетті түріне өту болып табылады.

Дегенмен өңірдің басты қиындықтарының бірі балық жем-шөбін өндіру құрылғыларын сатып алуға шаруашылық үшін жеңілдетілген субсидияның жоқтығы. Сонымен қатар, суды өңдеу мен өзге де құрылғыларының тапшылығы да шаруашылықтың алға ілгерілеуіне қолбайлау болып отыр.

Облыс әкімі жиында өңірде қазіргі таңда балық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын айта келіп, сонымен қатар оның әлеуетінің әлі де болса толықтай игерілмей жатқанын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны