28.07.2008, 17:46 3304

Қарағанды облысының Курминка ауылында тәртіп сақшылары жұмыссыз еркектен 372 килограмм марихуана тәркіледі

Қарағанды облысының Курминка ауылында тәртіп сақшылары жұмыссыз еркектен 372 килограмм марихуана тәркіледі

Қарағанды. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Курминка ауылында тәртіп сақшылары жұмыссыз еркектен 372 килограмм марихуана тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көкнәр" атты шұғыл алдын алу шараларының барысында Алматы - Екатеринбург тас жолының бойында Курминка ауылының маңында полиция қызметкерлері ВАЗ-2102 көлігін тоқтатқан, оның салонынан 372 килограмм марихуана табылды. Есірткі тәркіленіп, ешқайда жұмыс істемейтін 35 жастағы еркек ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны